Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 25 қаңтарда № 6453-13 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 15 қаулысына қосымша

Облыс әкімдігінің кейбір жойылған қаулылардың тізбесі

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 47 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3604 болып тіркелген).

      2. Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 260 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 47 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4723 болып тіркелген).

      3. Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы № 231 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 47 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5216 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады