Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облысы әкiмдiгiнiң 22.04.2019 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Түркістан облысы әкімдігінің:
1) 2018 жылғы 14 мамырдағы № 133 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4604 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2018 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған);
2) 2018 жылғы 20 шілдедегі № 211 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 133 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2018 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т.Нүкеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж. Түймебаев |
Қ.Т. Нүкенов | |
Т.К. Сәрсембаев | |
А.Е. Тұрғымбеков | |
Е.Қ. Тасжүреков | |
Е.Ә. Садыр | |
А.С. Сәбитов | |
Ұ. Сәдібеков | |
А.Б. Тасыбаев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "19" қарашадағы № 312 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге | Субсидия көлем | Субсидия сомасы, мың теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі | |||||
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Тауарлық аналық бас | бас | 10 000 | 5 365 | 53 650,0 |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | бас | 20 000 | 493 | 9 860,0 |
2. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқаларын сатып алу | бас | 150 000 | 150 | 22 500,0 |
3. | Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық басын сатып алу | бас | 225 000 | 500 | 112 500,0 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1 | Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу | ||||
1.1 | бір жынысты | доза | 10 000 | 205 | 2 050,0 |
1.2 | қос жынысты | доза | 5 000 | 755 | 3 775,0 |
2. | Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | ||||
2.1 | отандық немесе ТМД елдерінен импортталған | бас | 150 000 | 100 | 15 000,0 |
3. | Сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындарын құнын арзандату | бас | 120 000 | 1 469 | 176 280,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 1 000 | 90 500 | 90 500,0 |
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
2.1 | асыл тұқымды аналық бас | бас | 2 500 | 112 000 | 280 000,0 |
2.2 | тауарлы аналық басы | бас | 1 500 | 605 146 | 907 719,0 |
3. | Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу тұсақтар | бас | 8 000 | 100 | 800,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 120 | 12 000,0 |
Балара шаруашылығы | |||||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы | 5 000 | 4 187 | 20 935,0 |
Барлығы | 1 707 569,0 | ||||
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері | |||||
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1 000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | тонна | 200 | 1 730 | 346 000,0 |
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1 | бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық | тонна | 35 | 3 200 | 112 000,0 |
1.2 | бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық | тонна | 10 | 1 636,67 | 16 366,7 |
1.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | тонна | 10 | 1 000 | 10 000,0 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
1.1 | күрке тауық етін өндіру құнын арзандату | тонна | 200 | 2 350 | 470 000,0 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
1.1 | 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2,7 | 25925,9 | 70 000,0 |
1.2 | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2 | 16 687 | 33 374,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Қозы өткізу құнын арзандату | бас | 3 000 | 6 000 | 18 000,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | тонна | 60 | 166,7 | 10 000,0 |
Түйе шаруашылығы | |||||
1. | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | тонна | 55 | 500 | 27 500,0 |
Барлығы | 1 113 240,7 |
Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "19" қарашадағы № 312 қаулысына 2- қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі | |||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1 | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | ||||
1) | отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы | бас | 170 000 | 257 | 43 690,0 |
Мал шаруашылығы | |||||
2 | Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 368 | 36 800,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
2 | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | ||||
1) | тұқымдық қошқарлар | бас | 20 000 | 319 | 6 380,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу | бас | 40 000 | 20 | 800,0 |
Барлығы | 87 670,0 | ||||
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері | |||||
Мал шаруашылығы | |||||
1. | 100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | ||||
1) | 400-ден 450 килограмға дейін | бас | 45 000 | 3 447 | 155 115,0 |
2) | 451-ден 500 килограмға дейін | бас | 60 000 | 2 093 | 125 580,0 |
3) | 501-ден 550 килограмға дейін | бас | 65 000 | 832 | 54 080,0 |
4) | 551-ден 600 килограмға дейін | бас | 75 000 | 6 321 | 474 075,0 |
2. | ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | бас | 20 000 | 1 504 | 30 080,0 |
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату | ||||
3) | ауыл шаруашылығы кооперативтері | тонна | 10 | 814,87 | 8 148,7 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
2) | 20 млн. данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2 | 13 360,5 | 26 721,1 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Шошқа етін өндіру құнын арзандату | ||||
1) | нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | тонна | 100 | 52,4 | 5 240,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
2. | Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату | ||||
1) | сапасы 60-тан басталатын жүн | тонна | 150 | 45,42 | 6 813,9 |
2) | сапасы 50-ден басталатын жүн | тонна | 100 | 4,78 | 477,7 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | тонна | 110 | 84,66 | 9 312,7 |
2. | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | тонна | 120 | 369,37 | 44 324,4 |
Барлығы | 939 968,5 |