Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 19.11.2018 № 312 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің:
1) 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 88 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4056 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған);
2) 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 349 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 88 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4296 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 желтоқсанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ш.Өсербаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж. Түймебаев |
Ә.Ш. Өсербаев | |
А.Е. Тұрғымбеков | |
Е.Ә. Садыр | |
Ұ. Сәдібеков | |
Т.К. Сәрсембаев | |
Е.Қ. Тасжүреков | |
А.С. Сәбитов | |
А.Б. Тасыбаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 133 қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 20.07.2018 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативі, теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидия соммасы мың теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі | |||||
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Тауарлы аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 87 000 | 870 000,0 |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 1 500 | 15 000,0 |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 150 000 | 2 200 | 330 000,0 |
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Асыл тұқымды аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 3 200 | 32 000,0 |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | ||||
1) | отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы | бас | 170 000 | 50 | 8 500,0 |
2) | импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | ||||
Еуропа және ТМД елдерінен | бас | 150 000 | 1 975 | 296 250,0 | |
Ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 3844 | 72 000 | 276 768,0 |
2. | Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 350 | 35 000,0 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | бас | 75 000 | 131 | 9 825,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 1392 | 100 000 | 139 200,0 |
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1) | асыл тұқымдық ойлардың аналық басы | бас | 2 500 | 100 000 | 250 000,0 |
2) | тауарлы қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 497 136 | 745 704,0 |
3. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | ||||
1) | тұсақтар | бас | 8000 | 13 000 | 104 000,0 |
2) | тұқымдық қошқарлар | бас | 20 000 | 7 000 | 140 000,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100000 | 50 | 5 000,0 |
2. | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу | бас | 40 000 | 92 | 3 680,0 |
Балара шаруашылығы | |||||
1. | Балар аұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Балара ұясы | 9 918 | 3 200 | 31 737,6 |
Барлығы | 3 292 664,6 | ||||
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері | |||||
Ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | 100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | ||||
1) | 400-ден 450 килограмға дейін | бас | 45 000 | 6 001 | 270 045,0 |
2) | 451-ден 500 килограмға дейін | бас | 60 000 | 4 000 | 240 000,0 |
3) | 501-ден 550 килограмға дейін | бас | 65 000 | 4 381 | 284 765,0 |
4) | 551-ден 600 килограмға дейін және одан жоғары | бас | 75 000 | 4 000 | 300 000,0 |
2. | ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | бас | 20 000 | 6 000 | 120 000,0 |
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүтөндіру мен дайындаудың құнын арзандату: | ||||
1) | бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық | тонна | 25 | 10 500 | 262 500,0 |
2) | бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық | тонна | 15 | 9 005 | 135 075,0 |
3) | ауыл шаруашылығы кооперативтері | тонна | 10 | 3 800,7 | 38 007,0 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | тонна | 50 | 3 500,0 | 175 000,0 |
2) | күрке тауық етін өндіру құнын арзандату | тонна | 200 | 7 520,0 | 1 504 000,0 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 100 млн. данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2,5 | 142 000,0 | 355 000,0 |
2) | 20 млн. данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2 | 20 000,0 | 40 000,0 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Шошқа етін өндіру құнын арзандату | ||||
1) | нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | тонна | 100 | 120 | 12 000,0 |
2) | нақты бордақыланғаны 500 бастан бастап | тонна | 55 | 100 | 5 500,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Қозы етін өндіру құнын арзандату | бас | 1500 | 9 963 | 14 944,5 |
2. | Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату | ||||
1) | сапасы 60-тан басталатын жүн | тонна | 150 | 50,0 | 7 500,0 |
2) | сапасы 50-ден басталатын жүн | тонна | 100 | 50,0 | 5 000,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | тонна | 110 | 1 000,0 | 110 000,0 |
2. | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | тонна | 120 | 1 950,009 | 234 001,1 |
Түйе шаруашылығы | |||||
1. | Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | тонна | 92 | 900 | 82 800,0 |
Азық өндіру | |||||
1. | Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрамажем құнын арзандату | тонна | 20 000 | 559,89 | 11 197,8 |
Барлығы | 4 207 335,4 |