Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 5 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 маусымда № 4641 болып тіркелді. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкімінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмiнiң 26.07.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Шымкент қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 5 хаттамасы негізінде Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Южполиметалл" өндірістік корпорациясы" акционерлік қоғамының аумағында орналасқан темір бетон мұржаның құлау қауіпіне байланысты, жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімде баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Жанбосыновқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Сауранбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады