Бәйдібек ауданының Боралдай ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмiнiң 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 03 шешімі. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 2 ақпанда № 4438 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмiнiң 2018 жылғы 26 қазандағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды – Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмiнiң 26.10.2018 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 1 бабы 62 тармақшасы және 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сынаптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 3 хаттамасы негізінде, Бәйдібек ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Бәйдібек ауданының Боралдай ауыл округі аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі: Б.Танагузов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады