Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 1 және Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 42-281/V "Сайрам ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 шілдедегі № 30-205/VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 20 шілдеде № 4695 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жер қатынастары бөлімі және сәулет қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 1 және Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 42-281/V "Сайрам ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3173 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы "Мәртөбе" газетінде және 2015 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2. 1 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қарабұлақ ауылының шегінен 724,34 гектар суармалы егістік жер учаскесі шығарылып, Қарабұлақ ауыл округінің аумағындағы 724,34 гектар суарылмайтын егістік жер учаскесі Қарабұлақ ауылының шегіне қосылып шегі өзгертілсін;".

      3. 1 тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Көлкент ауылдық округі Қосбұлақ ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 111,28 гектар, М.Оразалиев ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 24,6 гектар жер учаскесі қосылып, Қосбұлақ, М.Оразалиев ауылдарының шегі өзгертілсін;".

      4. "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы мен мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Сайрам аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н.Ирсалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Ж.Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады