Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңыны 12 бабының 3) тармақшасына сейкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:
1) 20,70 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Көксу ауылдық округі Айдаркөл қашар елді мекенінің жалпы ауданы 302,86 гектар;
2) 23,05 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Көксу ауылдық округі Баспанды елді мекенінің жалпы ауданы 145,75 гектар;
3) 9,60 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Көксу ауылдық округі Жоласар елді мекенінің жалпы ауданы 120,70 гектар;
4) 87,85 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Көксу ауылдық округі Көксу елді мекенінің жалпы ауданы 537,72 гектар;
5) 23,25 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Сүткент ауылдық округі Сүткент елді мекенінің жалпы ауданы 466,87 гектар;
6) 4,71 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Ұзын ата ауылдық округі Ұзын ата елді мекенінің жалпы ауданы 446,10 гектар;
7) 10,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Алатау батыр ауылдық округі Целинное елді мекені № 618 пикет көшесінің жалпы ауданы 128,99 гектар.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Кистауов |
Сессия төрағасы | Ж.Тұрлыбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Муталиев |