Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидия нормативтері мен көлемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 46 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 ақпанда № 5497 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 313 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.10.2018 № 313 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 14813) бұйрығын іске асыру мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 3-1-9/2743 хатының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялардың нормативтері мен көлемдері бекітілсін.

      2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Шығыс Қазақстан облысының
әкімі
Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
"23" ақпандағы
46 қаулысына қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялардың нормативтері мен көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар көлемі, мың теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу

1.1

Тауарлы аналық бас

1)

Базалық норматив

бас

10 000

110 000

1 100 000

2)

Қосымша норматив:





80 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы

бас

8 000

75 000

600 000

60 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы

бас

6 000

10 000

60 000

1.2

Асыл тұқымды аналық бас

1)

Базалық норматив

бас

10 000

29 000

290 000

2)

Қосымша норматив:





80 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы

бас

20 000

15 000

300 000

70 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы

бас

15 000

1 000

15 000

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

бас

150 000

5 375

806 250


Барлығы:




3 171 250

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Асыл тұқымды аналық бас

1)

Базалық норматив

бас

10 000

15 000

150 000

2)

Қосымша норматив:





80 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы

бас

20 000

5 500

110 000

70 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы

бас

15 000

1 500

22 500

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

1)

отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы

бас

170 000

100

17 000

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал

Еуропа және ТМД елдерінен

бас

150 000

400

60 000

3.

Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату

1)

бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар

кг

25

30 020 000

750 500

2)

бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар

кг

15

12 500 000

187 500

3)

ауыл шаруашылығы кооперативтері

кг

10

3 000 000

30 000


Барлығы:




1 327 500

Мал шаруашылығы

1.

100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

1)

400-ден 450 килограмға дейін

бас

45 000

1 400

63 000

2)

451-ден 500 килограмға дейін

бас

60 000

400

24 000

3)

501-ден 550 килограмға дейін

бас

65 000

150

9 750

4)

551-ден 600 килограмға дейін және одан жоғары

бас

75 000

100

7 500

2.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

бас

20 000

1 000

20 000

3.

Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу

бас

100 000

30

3 000


Барлығы:




127 250

Етті құс шаруашылығы

1.

Отандық және шетелдік асыл тұқымды шаруашылықтардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

бас

600

80 300

48 180

2.

Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату

1)

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

кг

80

11 781 250

942 500

2)

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

кг

60

9 850 000

591 000


Барлығы:




1 581 680

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату

1)

нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап

кг

100

755 140

75 514


Барлығы:




75 514

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

асыл тұқымды қойлардың аналық басы

бас

2 500

90 000

225 000

2)

тауарлы қойлардың аналық басы

бас

1 500

108 000

162 000

2.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу

1)

тұсақтар

бас

8 000

5 000

40 000

2)

тұқымдық қошқарлар

бас

20 000

3 200

64 000

3.

Қозы етін өндіру құнын арзандату

бас

1 500

1 500

2 250

4.

Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату

1)

сапасы 60-тан басталатын жүн

кг

150

12 000

1 800


Барлығы:




495 050

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды айғырлар сатып алу

бас

100 000

100

10 000

2.

Асыл тұқымды аналық бас сатып алу

бас

40 000

200

8 000

3.

Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

кг

60

1 100 000

66 000

4.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

кг

92

110 000

10 120


Барлығы:




94 120

Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы)

1.

Аналық баспен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

бас

41 000

1 800

73 800


Барлығы:




73 800

Балара шаруашылығы

1.

Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы

9 918

10 000

99 180


Барлығы:




99 180

Азық өндіру

1.

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрамажем құнын арзандату

тонна

20 000

1 500

30 000


Барлығы:




30 000


Барлық сомасы:




7 075 344


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады