Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 80 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/224-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 5635 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қарашадағы және 2018 жылғы 2 наурыздағы қорытындылары негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір көшелері:

      1) Мельзавод тұрғын үй маңындағы:

      № 1 көшесін – Ақтоған көшесі;

      2) Меновное ауылына айналма автомобиль жолы маңындағы:

      № 1 көшесін – Керуен көшесі;

      № 2 көшесін – Шұғыла көшесі;

      № 3 көшесін – Саялы көшесі;

      № 4 көшесін – Ақниет көшесі;

      № 5 көшесін – Ынтымақ көшесі;

      № 6 көшесін – Көкжиек көшесі;

      3) Высоковольтная 57 көшесі маңындағы:

      № 1 көшесін – Орманды көшесі;

      № 2 көшесін – Шиелі көшесі;

      № 3 көшесін – Шуақты көшесі;

      № 4 көшесін – Керемет көшесі;

      № 5 көшесін – Рауан көшесі;

      № 6 көшесін – Ақбұлақ көшесі;

      4) А.С. Күленов атындағы 16-шы тұрғын ауданындағы:

      № 1 көшесін – Жоталы көшесі;

      5) Бастау көшесі маңындағы:

      № 1 көшесін – Қайнар көшесі;

      6) 19 және 20 тұрғын ауданы арасындағы:

      № 1 даңғылын – Бейбітшілік даңғылы;

      7) 23-ші тұрғын ауданындағы:

      № 1 көшесін – Бостандық көшесі;

      8) Ахмер ауылындағы:

      № 1 көшесін – Жаңажол көшесі;

      № 2 көшесін – Күнбатыс көшесі;

      № 3 көшесін – Өрнек көшесі деп аталсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Карл Маркс даңғылы Қазыбек би даңғылы деп қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы В. Головатюк
      Облыс әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады