РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 – бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің:
1) "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бірыңғай ұйыдастырушымен орындалатын жұмыстар, тауарлар тізбесін айқындау туралы" 2017 жылғы 8 маусымдағы № 801 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 14 шілдеде "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінде жарияланған);
2) "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын жұмыстар, тауарлар тізбесін айқындау туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 801 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 778 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-166 тіркелген, 2018 жылғы 11 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 15 мамырда "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің бюджетті қалыптастыру және атқару, несие және кеден саясаты, банк мекемелері, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек жөніндегі инспекция және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі | Е. Сәлімов |