Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын жұмыстар, тауарлар тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 801 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 5114 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 2066 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 08.11.2018 № 2066 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39 – бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8 - бабы 1 - тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу қаулының 1 - тармағында айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын жұмыстар, тауарлар тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Ш. Ерембесовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Сәлімов

  Семей қаласының әкімдігінің
2017 жылғы " 08 " маусымдағы
№ 801 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын жұмыстардың, тауарлардың тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 27.04.2018 № 778 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тарауы Атауы
1. Жұмыстар

1.1.

Қаланың мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарындағы бюджеттік қаражат есебінен іске асатын жаңа объектілерді құру (салу) немесе бар объектілерді реконструкциялау

1.2.

Қаланың мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы бюджеттік қаражат есебінен іске асатын жаңа объектілерді құру (салу) немесе бар объектілерді реконструкциялауға техникалық – экономикалық негіздеме және жобалау – сметалық құжаттама әзірлеу

1.3.

Қаланың мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы бюджеттік қаражат есебінен іске асатын бар объектілерді күрделі жөндеу (жобалау –сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда)

1.4.

Қаланың мемлекеттік мекемелеріндегі бюджеттік қаражат есебінен іске асатын ішкі аула аумақтарын, қаланың орталық бөлігін, көшелерді, алаңдарды, саябақтарды абаттандыру, спорт алаңдарын орнату

2. Тауарлар

2.1.

Мемлекеттік мекемелерге, коммуналдық мемлекеттік мекемелерге ұйымдастыру техникасын сатып алу

2.2.

Заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды сатып алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады