"Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын жұмыстар, тауарлар тізбесін айқындау туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 801 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 778 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 3 мамырда № 5-2-166 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 2066 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 08.11.2018 № 2066 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8 - бабы 1 - тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын жұмыстар, тауарлар тізбесін айқындау туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 801 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 14 шілдеде "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      қосымшада:

      "Жұмыстар" деген 1 - бөлім мынадай мазмұндағы 1.4. - тармақшамен толықтырылсын:

      "1.4. Қаланың мемлекеттік мекемелеріндегі бюджеттік қаражат есебінен іске асатын ішкі аула аумақтарын, қаланың орталық бөлігін, көшелерді, алаңдарды, саябақтарды абаттандыру, спорт алаңдарын орнату";

      "Тауарлар" деген 2 - бөлім мынадай мазмұндағы 2.2. - тармақшамен толықтырылсын:

      "2.2. Заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды сатып алу".

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің бюджетті қалыптастыру және атқару, несие және кеден саясаты, банк мекемелері, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек жөніндегі инспекция және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады