"Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Курчатов қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 88 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 698 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 маусымда № 5-3-124 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27, 46-баптарына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Курчатов қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 04 сәуірдегі № 88 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылдың 05 мамырында 5008 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 20 мамырында және "7 дней" газетінде 2017 жылдың 29 маусымында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберілуін;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулынының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-желісінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.

      4. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Р. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады