Ескерту. Күші жойылды-Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 18.08.2022 № 19/131-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған "Курчатов қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 11/75-VI "Курчатов қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4933 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 сәуірде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Демышев |
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Қарымбаева |
Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 19/144-VI шешімімен бекітілді |
"Курчатов қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның жоспарына немесе қызметші қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
4) жеке жұмыс жоспары – қызметшіні бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
6) мінез-құлық индикаторы – қызметшінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
3. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
4. Қызметшінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде қызметшілер еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалыста, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
5. Бағалауды өткізу үшін қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі жұмыс органы (мәслихаттың ұйымдастыру бөлімі) болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
2) қызметшілердің құзыреттерін бағалау.
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері қызметшінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
8. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде әкімшілік мемлекеттік қызметшінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
11. Қызметшінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
13. НМИ:
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып, қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі бағалау кезеңінің ағымында белгіленеді);
5) Курчатов қалалық мәслихатының жоспарларын жүзеге асыруға бағытталған.
14. НМИ саны 5 құрайды.
15. Жеке жұмыс жоспары персоналды басқару қызметінде сақталады.
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын қызметшіге НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
17. Бағалауды өткізу үшін қызметшінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.
НМИ барлығы орындалған жағдайда "өте жақсы" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда "тиімді" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
20. Қызметшінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
21. Қызметшінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады.
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, нақты осы құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
29. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларға бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
34. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің (ұйымдастыру бөлімінің) қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
35. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
36. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетеді.
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада тіркеледі.
40. Персоналды басқару қызметі қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
41. Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған еркін түрдегі акт толтырылады.
42. Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.
43. Қызметшінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, қызметшінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) қызметшінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
44. Қызметші бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): __________________________
Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________________
_________________________________________________________________________
№ р/с | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы | Қай мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Қол жеткізу мерзімдері | Түйінді нәтиже* |
* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші |
Тікелей басшы |
НМИ бойынша бағалау парағы
_______________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)
№ р/с | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы |
Өлшем | Жоспарлы мәні | Нақты мәні | Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді |
Бағалау нәтижесі ___________________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші |
Тікелей басшы |
"Курчатов қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша |
|
Нысан |
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
_________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
№ р/с | Құзыреттер атауы | Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) | Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикаторлар атауы ("күтілетін нәтижеге сәйкес емес" бағасын алған жағдайда) |
1 | Қызметті басқару | ||
2 | Ынтымақтастық | ||
3 | Шешім қабылдау | ||
4 | Жеделділік | ||
5 | Өздігінен даму | ||
6 | Қызметті тұтынушыға бағдарлану | ||
7 | Қызметті тұтынушыларды ақпараттандыру | ||
8 | Адалдық | ||
9 | Жауапкершілік | ||
10 | Бастамашылдық | ||
11 | Стресске орнықтылық |
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды ақпараттандару" құзыреттері бойынша бағаланбайды.
Қызметші |
Тікелей басшы |
"Курчатов қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша |
|
Нысан |
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы | Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты | Тиімді мінез-құлық индикаторлары | Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары |
қызметтік басқару | E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді; |
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; |
E-4 |
Басымдылығы бойынша тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; |
Тапсырмаларды жүйесіз орындайды; | |
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ | E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; |
Қызметкерлер арасында өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; |
E-4 |
Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; |
Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; | |
| E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады; |
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды; |
E-4 |
Қажетті мәліметтерді таба алады; |
Қажетті мәліметтерді таба алмайды; | |
| E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді; |
Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді; |
E-4 |
Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді; |
Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді; | |
| E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды; |
Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді; |
E-4 |
Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; |
Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; | |
E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; |
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
E-4 |
Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; |
Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; | |
| E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; |
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды; |
E-4 |
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; |
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; | |
| E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Қабылданған стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; |
Ұжымда қабылданған стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталмауына жол береді; |
E-4 |
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; |
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; | |
| E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) | Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
E-4 | Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
| E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) | Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
| Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. | Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. | |
|
| Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерді және шешімдерді ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. | Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерді және шешімдерді ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. |
E-4 | Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. | Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды. |
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________
(бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
№ р/с | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: ___________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)
Комиссияның төрағасы: ____________________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)
Комиссияның мүшесі: ____________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)