Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 8 - тармағына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы №19/144-VI "Курчатов қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5566 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Тажиев |