1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесін төмендету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/18-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 наурызда № 5557 болып тіркелді. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 17/3-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 31.08.2022 № 17/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы Кодексінің (Салық кодексі) 505 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабына 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері 1 (бір) шаршы метр үшін 6 (алты) теңгеден 1 (бір) теңгеге дейін төмендетілсін.

      2. "1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкасын төмендету туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/8-V шешімінің (нормативтік құқықтік актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3342 нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 06 маусымда "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Климов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады