Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 30.11.2020 № 49/5-VI шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер Кодексінің 8 - бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-106 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8 - бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Климов |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. Панченко |