Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № 27/7-VІ шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 1 қарашада № 5-5-158 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 49/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 9 000 (тоғыз мың) теңге мөлшерде көрсетіледі.

      2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қызмет беруші) жүзеге асырады;

      2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға еркін түрде өтінішпен қызмет көрсетушіге немесе ауылдық округ әкіміне жүгінеді және келесі құжаттарды береді:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

      жұмыс орнынан анықтама;

      екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат;

      3) әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган келесі мерзімде қабылдайды:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      өтініш беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      Абай ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;

      лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмесе;

      ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінсе.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Кокебаев
      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Е. Лдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады