Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 987 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 5-6-190 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, 31-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармағын, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының төмендегі көшелері қайта аталсын:

      "3-ші шақырым" көшесі – "Халық қаһарманы" Рақымжан Қошқарбаев" атындағы көшесіне;

      "Полевая" көшесі – "Болашақ" көшесіне;

      "Нефтебаза" көшесі – "Бірлік" көшесіне;

      "Подстанция" көшесі – "Береке" көшесіне;

      "Сибирский переулок" көшесі – "Бәйтерек" көшесіне;

      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Байахметов
      Сессия төрағасы А. Шакиров
      Мәслихат хатшысы С. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады