Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы және Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 19/138-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 ақпанда № 5490 болып тіркелді. Қолданысы тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 46/367-VI шешімімен.Күші жойылды – Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының16.01.2023 № 21/429-VII шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 21/429-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 27.06.2019 № 39/262-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі. Қолданысы тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 14.04.2020 № 46/367-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1- бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескертпе. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 27.06.2019 № 39/262-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Аягөз ауданының Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы Б. Кусагов
      Аягөз аудандық
      мәслихат хатшысы С. Искаков

  Аягөз аудандық мәслихатының
2018 жылғы 9 ақпандағы
№ 19/138-VI шешіміне
1 қосымша

Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

      Ескертпе. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 27.06.2019 № 39/262-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    №

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтердің құны, теңге (ҚҚС-сыз)

1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тариф



1.1

Жайлы үйлер

1 тұрғын / айына

93,32

1.2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын / айына

99,5

1.3

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м³

746,54

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф



2.1

Жеке тұлғалар үшін

1 м³

478,02

2.2

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін

1 м³

551,13

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

  Аягөз аудандық мәслихатының
2018 жылғы 9 ақпандағы
№ 19/138-VI шешіміне
2 қосымша

Аягөз ауданының Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

      Ескертпе. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 27.06.2019 № 39/262-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    №

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтердің құны, теңге (ҚҚС-сыз)

1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тариф



1.1

Жайлы үйлер

1 тұрғын / айына

194

1.2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын / айына

208

1.3

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м³

1561,3

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф



2.1

Жеке тұлғалар үшін

1 м³

1224,3

2.2

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін

1 м³

1297,4

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады