"Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы және Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 09 ақпандағы № 19/138-VІ шешімнің қолданылуын тоқтата тұру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 46/367-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 сәуірде № 6951 болып тіркелді. Күші жойылды – Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 21/429-VII шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 21/429-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 7-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 09 ақпандағы № 19/138-VІ "Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы және Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5490 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 27 ақпанында, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2018 жылдың 03 наурызында жарияланған), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға оны сәйкестендіріп және Аягөз аудандық мәслихатының сессиясында қабылданғанына дейін қолданылуы тоқтатылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Дюсенбаев
      Аягөз аудандық мәслихат хатшысы С. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады