Бесқарағай ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 326 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 6 желтоқсанда № 5-7-147 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 18.03.2019 № 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13285 нөмірмен тіркелген), Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бесқарағай ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулыға қосымша бойынша бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін және электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б. Ж. Баталовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданының әкімі Д. Батырбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Бесқарағай ауданы бойынша
      мемлекеттік кірістер басқармасының
      басшысы
      _______________ Ж. Карашев

      2018 жылғы 30 қарашасы

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2018 жылғы 30 қарашасы № 326
қаулысына қосымша

Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті

№ р/с

Елді мекен атауы

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Бесқарағай ауылы

1,88

2

Глуховка ауылы

1,5

3

Белокаменка ауылы

1,25

4

Бірлік ауылы

1,15

5

Стеклянка ауылы

1,15

6

Старая крепость ауылы

1,25

7

Жыланды ауылы

1,25

8

Беген ауылы

1,5

9

Беген орман шаруашылығы ауылы

1,25

10

Баскөл ауылы

1,35

11

Бөкебай ауылы

1,45

12

Қарағайлы ауылы

1,53

13

Ерназар ауылы

1,5

14

Қоянбай ауылы

1,47

15

Мороз орман шаруашылығы ауылы

1,1

16

Малая-Владимировка ауылы

1,72

17

Бозтал ауылы

1,43

18

Қарабас ауылы

1,65

19

Лесной ауылы

1,2

20

Өндріс ауылы

1,5

21

Кривинка ауылы

1,33

22

Жетіжар ауылы

1,35

23

Долон ауылы

1,6

24

Мостик ауылы

1,55

25

Бөдене ауылы

1,55

26

Черемушка ауылы

1,0

27

Канонерка ауылы

1,73

28

Қара-Мырза ауылы

1,45


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады