"Бесқарағай ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 326 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 70 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 наурызда № 5794 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бесқарағай ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 326 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-7-147 нөмірмен тіркелген, 2018 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Бесқарағай ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы Т.Н. Глазинскийге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданының әкімі Д. Батырбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады