РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 - бабы 2 - тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушысының 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 4 хаты негізінде, Баскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс - шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі Башкөл ауылының "Айжана" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. "Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі Башкөл ауылының "Айжана" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Баскөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тізілімінде 5171 нөмірмен тіркелген, 2017 жылғы 2 қыркүйекте "Бесқарағай тынысы" аудандық газетінде және 2017 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Баскөл ауылдық округінің әкімі | М. Табылдин |