Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі Башкөл ауылының "Айжана" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 тамызда № 5171 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің 26.02.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 128 ұсынысы негізінде Баскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдың сарып ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі Башкөл ауылының "Айжана" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баскөл ауылдық округінің әкімі Н. Балыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады