РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысы негізінде және Беген ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Беген ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылының көшелері қайта аталсын:
1) "Ленин" көшесі "Мұхтар Әуезов" көшесіне;
2) "Советская" көшесі "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде оның көшірмелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Бесқарғай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;
4) осы шешімнің оның ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Беген ауылдық округінің әкімі | Н. Асылгожин |