Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округінің Қара-Мырза ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 қарашада № 5-7-142 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 –бабы 2 –тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабы 4) тармақшасына, 2018 жылғы 15 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес және Қара- Мырза ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Канонерка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округінің Қара-Мырза ауылының "Ленина" көшесінің атауы "Тәуелсіздік" көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде оның көшірмелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;

      3) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;

      4) осы шешімнің оның ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Канонерка ауылдық округінің әкімі К. Ипанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады