Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округі Камышенка ауылы Тельман көшесі бойынша № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 үйлеріне және Песчаная көшесі бойынша № 1, 1а, 2, 3, 4, 5, 6 үйлеріне шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Подборка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 қыркүйекте № 5-8-169 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округі әкімінің 13.12.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабының 2 - тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас ветеринариялық – санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 526 ұсынысы негізінде, Подборный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округі Камышенка ауылы Тельман көшесі бойынша № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 үйлеріне және Песчаная көшесі бойынша № 1, 1а, 2, 3, 4, 5, 6 үйлеріне ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері, етқоректілер (ит және мысық) арасында құтырудың вирустық ауруына қарсы ошақты жою және ветеринарлық-санитарлық іс-шараларын өткізу үшін шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекетік мекемесі қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында реми жариялауға жолданылуын;

      4) оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Подборный ауылдық округ
әкімі
К. Будумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады