Зырян ауданы Серебрянск қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 420 қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № 38/6-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 5-12-176 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысына сәйкес және Серебрянск қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Зырян ауданы Серебрянск қаласының мынадай көшелері:

      1) Пионерская көшесі Наурыз көшесі болып;

      2) Октябрьская көшесі Бастау көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Зырян ауданының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімді Зырян ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімнің осы бірлескен қаулыны және шешімі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмесін жіберуді;

      3 осы бірлескен қаулы және шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Зырян ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зырян ауданының әкімі Н. Токсеитов
      Сессия төрағасы О. Ледянкин
      Зырян ауданы мәслихатының хатшысы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады