"Катонқарағай ауданының 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы" Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 176 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 442 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 26 қарашада № 5-13-153 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына, 35 - бабының 1 - тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 - бабының 1, 2 - тармақтарына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Катонқарағай ауданының 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-138 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 176 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Құрмамбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Нұрғожин

  Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2018 жылғы
23 қарашадағы № 442
қаулысына қосымша
  Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2018 жылғы
25 сәуірдегі № 176
қаулысына 2 қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

     

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Күніне бір баланың шығыны (теңге) 3 жасқа дейінгі

Күніне бір баланың шығыны (теңге) 3 жастан 7 жасқа дейінгі

1

Балабақшалар, бөбекжайлар

толық күн болатын

304, 39

378, 98

толық емес күн болатын

-

-

2

Мектеп жанындағы кіші орталықтар

толық күн болатын

304, 39

378, 98

толық емес күн болатын

257, 99

345, 48

      Ескертпе: 1 күнге бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күндеріне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады