Катонқарағай ауданының 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 176 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 17 мамырда № 5-13-138 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы, 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Катонқарағай ауданының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшері 2018 жылға осы қаулының 1, 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Құрмамбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Нұрғожин

  Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2018 жылғы
25 сәуірдегі № 176 қаулысына
1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


        

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орын саны

1

Балабақшалар, бөбекжай бақшалары

695

2

Шағын орталықтар

440

  Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2018 жылғы
25 сәуірдегі № 176 қаулысына
2 қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 23.11.2018 № 442 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Күніне бір баланың шығыны (теңге) 3 жасқа дейінгі

Күніне бір баланың шығыны (теңге) 3 жастан 7 жасқа дейінгі

1

Балабақшалар, бөбекжайлар

толық күн болатын

304, 39

378, 98

толық емес күн болатын

-

-

2

Мектеп жанындағы кіші орталықтар

толық күн болатын

304, 39

378, 98

толық емес күн болатын

257, 99

345, 48

      Ескертпе: 1 күнге бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады