Жұмыс орындары квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 129 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 сәуірде № 5-14-159 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 232 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 01.07.2020 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақтарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындары квота белгіленсін:

      1) Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота осы қаулының 1-қосмшасына сәйкес белгіленсін;

      2) Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамассыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Р.Д. Умутбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р. Умутбаева

  Күршім ауданы әкімдігінің
2018 жылғы " 10 " 04
№ 129 қаулысына 1 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұымдардың тізімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 26.12.2018 № 510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/н

Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы

Жұмыскерлер саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмыскер-лерінің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасы

1

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "КҮРШІМ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

468

1

5

2

"№3 КҮРШІМ ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

115

1

1

3

КҮРШІМ АУДАНЫНЫҢ "ШАБЫТ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

100

1

1

4

"№1 МАРҚАКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

112

1

1

5

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "МАРҚАКӨЛ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

110

1

1

  Күршім ауданы әкімдігінің
2018 жылғы " 10 " 04
№ 129 қаулысына
Қосымша 2

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 26.12.2018 № 510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/н

Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы

Жұмыскерлер саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмыскер-лерінің тізімдік санынан)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасы

1

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "КҮРШІМ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

468

1

5

2

КҮРШІМ АУДАНЫНЫҢ "ШАБЫТ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

100

1

1

3

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "МАРҚАКӨЛ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

110

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады