"Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 510 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 5-14-189 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 232 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 01.07.2020 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 49 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 129 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-14-159 болып тіркелген, 2018 жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 429 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-14-179 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      жоғарыда көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Р.Д. Умутбаеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі Д. Қажанов

  Күршім ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "26" _12_
№ _510_қаулысына
1 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

№ р/н

Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы

Жұмыскерлер саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмыскер-лерінің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасы

1

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "КҮРШІМ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

468

1

5

2

"№3 КҮРШІМ ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

115

1

1

3

КҮРШІМ АУДАНЫНЫҢ "ШАБЫТ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

100

1

1

4

"№1 МАРҚАКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

112

1

1

5

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "МАРҚАКӨЛ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

110

1

1

  Күршім ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "26" _12__
№ _510_ қаулысына
2 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

№ р/н

Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы

Жұмыскерлер саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмыскер-лерінің тізімдік санынан)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасы

1

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "КҮРШІМ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

468

1

5

2

КҮРШІМ АУДАНЫНЫҢ "ШАБЫТ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

100

1

1

3

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "МАРҚАКӨЛ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

110

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады