РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 маусымдағы қорытындысына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып Күршім ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауылдық округінің Күршім ауылындағы "Крупская" көшесі "Ынтымақ" көшесі болып, "Пионерская" көшесі "Шаңырақ" көшесі болып, "Первомайская" көшесі "Достық" көшесі болып, "Молодежная" көшесі "Ақмыш Қайшантаев" көшесі болып, "Пролетарская" көшесі "Братьев Рахман" көшесі болып;
Алғабас ауылындағы "Советская" көшесі "Береке" көшесі болып, "Первомайская" көшесі "Бірлік" көшесі болып қайта аталсын.
1. "Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамассыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Күршім ауылдық округінің әкімі |
С. Дүзбаев |