Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 22.08.2019 № 360 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 06 қыркүйектегі № 470 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тарбағатай ауданының Қызыл кесік ауылдық округiне қарасты "Үштөбе" елді мекенінде мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | Д. Оразбаев |