Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі Жаңа тілек ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 15 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 31 қазанда № 5-18-174 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңның 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2018 жылғы 15 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Жаңа тілек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі Жаңа тілек ауылындағы көшелерінің атауы:

      1) Ленин көшесі Бейбарыс сұлтан көшесі;

      2) Свердлова көшесі Алатау көшесі;

      3) Чапаев көшесі Қабанбай батыр көшесі;

      4) 70 лет Октября көшесі Оқжетпес көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңа тілек ауылдық округінің әкімі А. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады