2018 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 14 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 наурызда № 5513 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 27.02.2019 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 46-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 36 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4907 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы А. Тоқтаров

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "18" қаңтар
14 қаулысына қосымша

2018 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі


т/н

Ұйымның атауы

Жұмысшылардың саны (адам)

Квота мөлшері
(%)

1

"Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

555

4%

2

"Шығыс Қазақстан облысы табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Верх-Уба орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

64

2%

3

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Зевакино арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

179

3%

4

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Первомайка арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

41

2%

5

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Уба" шипажайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

145

3%

6

Шығыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының "Шемонаиха колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2%

7

"Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

104

3%

8

"Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі" мемлекеттік мекемесі

76

2%

9

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Н.А.Островский атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектебі-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

138

3%

10

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Ю.А.Гагарин атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

3%

11

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "№4 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

56

2%

12

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

87

2%

13

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Д.М.Карбышев атындағы Первомайский жалпы білім беретін орта мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

3%

14

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

97

2%

15

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Верх-Уба жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70

2%

16

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "А.С.Иванов атындағы Выдриха жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2%

17

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Камышинский жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

65

2%

18

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Кировский жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

46

2%

19

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Михайловский жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2%

20

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Октябрьский жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2%

21

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Сугатовка жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2%

22

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Убинка жалпы білім беретін орта мектепбі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

46

2%

23

"Шемонаиха ауданы әкімдігі Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Ақбота" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

73

2%

24

"Шемонаиха ауданы әкімдігі Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Аленушка" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

74

2%

25

"Шемонаиха ауданы әкімдігі Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Сәби Әлемі" ясли-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

60

2%

26

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "ОВ 156/6 мекемесі" республикалық мемлекеттік мекемесі

116

3%

27

"Воробьев Н. и Ко" коммандиттік серіктестігі

102

3%

28

"Белокаменское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

82

2%

29

"ВК Житница" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

71

2%

30

"Востоксельхозпродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

200

3%

31

"Выдрихинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

2%

32

"Защита Уба" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

95

2%

33

"Камышинское – 2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

180

3%

34

"Ново-Ильинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

2%

35

"Рулиха" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

105

3%

36

"Сугатовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

140

3%

37

"Убинское-Ш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

2%

38

"СтройМак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

46

2%

39

"Гуманитарлық-техникалық колледж" мекемесі

45

2%

40

"Востокцветмет" - "ВостокАвтоТранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы

515

4%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады