Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 55 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 5744 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 298 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 11.12.2020 № 298 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 14 "2018 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5513 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 27 ақпандағы
№ 55 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 29.01.2020 № 26 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

          Тізімдік саны бар ұйымдар            

      Квота мөлшері (%)        

елуден жүз адамға дейін

2

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елу бірден артық адам

4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады