Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 123 бірлескен қаулысы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 17-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 маусымда № 5239 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері қайта аталсын:

      Ақжайық ауданы бойынша:

      Первомай ауылы – Қабыршақты ауылы;

      Сырым ауданы бойынша:

      Бірінші Май ауылы – Саралжын ауылы.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Көлгінов
      Сессия төрағасы Ф. Бахтиозин
      Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады