Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және Орал қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қаласының кейбір құрамдас бөліктері қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Көлгінов |
Сессия төрағасы | М. Құлшар |
Облыстық мәслихат хатшысы |
М. Құлшар |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №281 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 7 желтоқсандағы №21-6 бірлескен қаулысы және шешіміне қосымша |
1. "Астана" шағын ауданы бойынша:
№1 көшені – Қазыбек би көшесі;
№2 көшені – Әйтеке би көшесі;
№3 көшені – Төле би көшесі;
2. "Жұлдыз" шағын ауданы бойынша:
№ 4 көшені – Нұрғиса Тілендиев көшесі;
№ 6 көшені – Фариза Оңғарсынова көшесі;
№ 8 көшені – Ермек Серкебаев көшесі;
№ 13 көшені – Асқар Сүлейменов көшесі;
№ 23 көшені – Медеу көшесі;
3. Орал қаласы бойынша:
Верхняя көшесін – Шалқыма көшесі;
Проселочная көшесін – Назерке көшесі;
1-ой садовый переулок көшесін – Ағыбай батыр көшесі;
2-й кольцевой переулок көшесін – Бұланты көшесі;
2-я молодежная көшесін – Балқаш көшесі;
26 бакинских комиссаров көшесін – Жидебай көшесі;
Речная көшесін – Ертіс көшесі;
Больничная көшесін – Ырысты көшесі;
Вершигора көшесін – Халел Досмұхамедұлы көшесі;
Заводская көшесін – Естай көшесі;
Западная көшесін – Тұлпар көшесі;
Заречная көшесін – Қызғалдақ көшесі;
Зеленая көшесін – Маралды көшесі;
Кирпичный З-Д КСМК көшесін – Бозай көшесі;
Кольцевой тупик көшесін – Найзалы көшесі;
Комарова көшесін – Сұңқар көшесі;
Речной тупик көшесін – Серуен көшесі;
Латышская көшесін – Талды көшесі;
Лесная көшесін – Хақназар хан көшесі;
Литейная көшесін – Сүйінбай жырау көшесі;
Литейная площадь көшесін – Шарын көшесі;
Лощинная көшесін – Толқын көшесі;
Молодежная көшесін – Доспамбет жырау көшесі;
Молодежная-1көшесін – Байқоңыр көшесі;
Набережная көшесін – Ақжар көшесі;
Овражная көшесін – Қырмызы көшесі;
Охранная көшесін– Қоғалы көшесі;
Первомайский проспект көшесін – Мамыр көшесі;
Поселковая көшесін – Шиелі көшесі;
Поселковый тупик көшесін – Сонар көшесі;
Приречная көшесін – Сұлутөр көшесі;
Пролетарская көшесін – Райымбек батыр көшесі;
Промышленная көшесін – Көксай көшесі;
Гурьевская көшесін – Тобыл көшесі;
Федина көшесін – Торғай көшесі;
Советская көшесін – Сұлтанбек Қожанов көшесі;
Степная көшесін – Үстірт көшесі;
Строителей көшесін – Алтынкөл көшесі;
Строительная көшесін – Жақып Ақбаев көшесі;
Ульяновская көшесін – Шортанбай ақын көшесі;
Герцена көшесін – Шыңғыстау көшесі;
Хорошкина көшесін – Мұхамеджан Сералин көшесі;
Целинная көшесін – Сырымбет көшесі;
Центральная көшесін – Жанқожа батыр көшесі;
Электрическая көшесін – Қарқаралы көшесі;
Южная көшесін – Көктерек көшесі;
Белая казарма көшесін – Ақбақай көшесі;
4. "Сарыарқа" шағын ауданы бойынша:
№ 41 көшені – Бердібек Соқпақбаев көшесі;
№ 44 көшені – Шәмші Қалдаяқов көшесі.