Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 "Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 13-1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 қыркүйекте № 29467 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 "Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5452 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы";

      көрсетілген шешімінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшiн төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері";

      1 -тармағының 1,2-жолдары жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1

Күкірт оксидтері (SOx)

10


2

Азот оксидтері (Nox)

10


      ";

      1-тармағының 9-жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

9

Көміртегі монооксиді

0,16


      ";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын көму үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Қалдықтардыңтүрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1тонна үшін

1гигабеккерель (Гбк) үшін

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:



1.1.

Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар



1.1.1.

қауіпті қалдықтар

4,005


1.1.2.

қауіпсіз қалдықтар

0,53


1.2.

Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:



1.2.1.

Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)

0,19


1.2.2.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.2.2.1.

аршынды жыныстар

0,002


1.2.2.2.

жанасқан тау жыныстары

0,013


1.2.2.3.

байыту қалдықтары

0,01


1.2.2.4.

шлактар, шламдар

0,019


1.2.3.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,019


1.2.4.

Күл мен күлшлактар

0,33


1.2.5.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,001


1.2.6.

Радиоактивті қалдықтар:



1.2.6.1.

трансуранды


0,38

1.2.6.2.

альфа-радиоактивті


0,19

1.2.6.3.

бета-радиоактивті


0,02

1.2.6.4.

шынақты радиоактивті көздер


0,19

      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Б. Конысбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады