Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 19-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 наурызда № 5089 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 ақпандағы № 40-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 12.02.2020 № 40-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3376 тіркелген, 2013 жылғы 30 желтоқсандағы "Жайық үні" - "Жизнь города" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      8-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қамтамасыз етілген азаматтардың (отбасыларының) адамдарының тұрмыстық қажеттіліктеріне:

      бір адамға -3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2 адамның әр қайсысына -2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3 және оданда көп адамның әр қайсысына - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ә. Сәлиева
      Мәслихат хатшысы А. Әубекеров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан
облысы әкімінің орынбасары:
____________Ғ.Оспанқұлов
2018 жылғы 1 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады