Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жаңабұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі Жаңабұлақ ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
"№2" жобалық көшесі – "М.Абатов" көшесі;
"№7" жобалық көшесі – "С.Серғазиев" көшесі.
2. Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Тулегенов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі | Е.Кусаинов |