Бөрлі ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 14 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 5215 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 04.05.2020 № 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Джармуханова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ихсановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Халелов

  Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 29 мамырдағы № 14
қаулысына қосымша

Бөрлі ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 04.05.2020 № 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

Бөрлі ауданы

Ақсай қаласы

1.

Ақсай қаласы

2,45

2.

Қызылтал ауылы

2,21

3.

Аралтал ауылы

2,21

Ақбұлақ ауылдық округі

4.

Ақбұлақ ауылы

1,87

Ақсу ауылдық округі

5.

Ақсу ауылы

1,92

6.

Жаңақоныс ауылы

1,55

Достық ауылдық округі

7.

Достық ауылы

1,92

Бөрлі ауылдық округі

8.

Бөрлі ауылы

2,15

9.

Масайтөбе ауылы

1,4

Бумакөл ауылдық округі

10.

Бумакөл ауылы

1,97

11.

Облавка ауылы

1,55

12.

Утвинка ауылы

1,55

Кеңтүбек ауылдық округі

13.

Кеңтүбек ауылы

2,05

14.

Бақтыарал ауылы

1,4

Жарсуат ауылдық округі

15.

Жарсуат ауылы

2,15

16.

Димитрово ауылы

1,55

17.

Қарашығанақ ауылы

1,55

Қарағанды ауылдық округі

18.

Қарағанды ауылы

1,87

Қанай ауылдық округі

19.

Қанай ауылы

1,92

20.

Даниялкөл ауылы

1,4

Приурал ауылдық округі

21.

Приуральное ауылы

1,92

Пугачев ауылдық округі

22.

Пугачево ауылы

1,97

23.

Бесағаш ауылы

1,55

24.

Сұлусай разъезді

1,4

Қаракұдық ауылдық округі

25.

Қаракұдық ауылы

1,87

Успен ауылдық округі

26.

Успен ауылы

1,87

27.

Жаңаталап ауылы

1,92

28.

Қаракемір ауылы

1,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады