Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Ақсай қаласының Аралтал ауылы халқының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі ауданы Ақсай қаласы Аралтал ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
"№1" көшесін – "Алаш Орда" көшесіне;
"№3" көшесін – "Міржақып Дулатұлы" көшесіне;
"№16" көшесін – "Әлихан Бөкейхан" көшесіне;
"№17" көшесін – "Айқап" көшесіне;
"№18" көшесін – "Мұстафа Шоқай" көшесіне;
"№19" көшесін – "Ұран" көшесіне;
"№22" көшесін – "Ахмет Байтұрсынұлы" көшесіне;
"№30" көшесін – "Халел Досмұхамедұлы" көшесіне;
"№31" көшесін – "ЖаҺанша Досмұхамедұлы" көшесіне.
2. Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімшесінің басшысы (А. Дарисов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақсай қаласының әкімі | А. Тугузбаев |