2018 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 14-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 5134 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 25-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 18.03.2019 № 25-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы
9 желтоқсанда №9946 тіркелді) сәйкес, аудан әкімі мәлімдеген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттілікті ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2018 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға:

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада берілсін.

      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Таңатов
      Мәслихат хатшысы Е.Таңатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады