Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі Жаңақала ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 57 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қазанда № 5367 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңақала ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жаңақала ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі Жаңақала ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:

      №1 жобалық көшесін – "Қазақстан" көшесі;

      №2 жобалық көшесін – "Дінмұхамед Қонаев" көшесі;

      №19 жобалық көшесін – "Қалимолла Халықов" көшесі;

      №60 жобалық көшесін – "Қадыр Мырза Әли" көшесі;

      №61 жобалық көшесін – "Мәңгілік ел" көшесі;

      №65 жобалық көшесін – "Хиуаз Доспанова" көшесі;

      №68 жобалық көшесін – "Жаңақоныс" көшесі;

      №70 жобалық көшесін – "Әбіш Кекілбайұлы" көшесі;

      №71 жобалық көшесін – "Ахмет Жұбанов" көшесі.

      2. Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (С.Жумасалихов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақала ауылдық округінің әкімі А.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады