Шектеу іс-шараларын тоқтату және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 1 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 қаңтарда № 5043 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 1021 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Казталов ауданы Казталов және Болашақ ауылдық округтерінің аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Казталов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 91 "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов және Болашақ ауылдық округтерінің аумағында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3263 тіркелген, 2013 жылғы 17 мамырда "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Казталов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 225 "Казталов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 91 "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов және Болашақ ауылдық округтерінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3596 тіркелген, 2014 жылғы 2 тамызда "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (Ж.Дуйсенгалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Құтхожинге жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Шыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады