Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 19-13 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 сәуірде № 5123 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 41-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 10.04.2020 № 41-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-13 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3416 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 4 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      8 – тармақта:

      4) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) туберкулезбен ауыратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 5 АЕК мөлшерінде."

      9 – тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) онкологиялық ауруларына аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде.".

      2. Қаратөбе аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г.Мусаева
      Мәслихат хатшысы К.Суйеугалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
Б.Қонысбаева_________________
2018 жылғы 29 наурыз

      Ескерту: аббревиатураның шешуі:

      АЕК - айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады