Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 27-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 маусымда № 5258 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 59-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 09.10.2020 № 59-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Хамидуллин
      Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева

  Сырым аудандық мәслихатының
2018 жылғы 8 маусымдағы
№ 27-2 шешіміне қосымша

Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтауға шығаруға және көмуге арналған тарифтер

Атаулары

Есептік бірлік

Баға, теңгемен (ҚҚС-сыз)

1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару тарифтері



1)

Жайлы үйлер

1 тұрғын

50

2)

Жайсыз үйлер

1 тұрғын

50

3)

Заңды тұлғалар

1 текше метр

465,01

2.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифі



1)

Жеке тұлғалар

1 текше метр

232,24

2)

Заңды тұлғалар

1 текше метр

232,24


      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады